Биоалуантүрлілікті сақтайық – болашақты қорғайық!
2025 жылғы 12 қараша күні Басши ауылдық округіндегі Райымбек батыр атындағы орта мектепте оқушыларға арналған "Биоалуантүрлілікті сақтайық – болашақты қорғайық!" тақырыбында экологиялық-танымдық дәріс өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Дәріс барысында оқушыларға табиғатты қорғау, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтау жөнінде маңызды ақпараттар беріліп, "Алтынемел" ұлттық паркінің табиғи байлығы мен экожүйесінің ерекшеліктері таныстырылды. "Алтынемел" ұлттық паркінде осындай танымдық және тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.







-
Трагедия на автозаправке в Актобе: три жертвы в результате пожара20-06-2026, 14:25 3
-
Ключи от новой квартиры: как не ошибиться при приёмке жилья в нашем городе21-06-2026, 14:25 2
-
Социальные взгляды актюбинцев на влияние дождя на их повседневную жизнь3-06-2026, 22:05 12
-
Благоустройство двора в Актобе за 20 миллионов8-06-2026, 12:10 12