Наурызнама онкүндігі: 20 наурыз – Ұлттық спорт күні, 747 спорттық іс-шара өтуде
Наурыз мерекесінің аясында 20 наурыз күні Ұлттық спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн ұлттық спортты дәріптеу мен насихаттауға, сондай-ақ заманауи үрдістермен үйлестіре отырып, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған. Бүгінде еліміз бойынша 16 555 ұлттық спорт үйірмесі жұмыс істеп, 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, 17 спорт клубы қызмет атқаруда.
Ұлттық спорттың жаңа кезеңі
Өткен жылдан бастап ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спортпен қатар басымдыққа ие болды. 2025 жылдың маусымында күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңның жаңа редакциясында ұлттық спорт түрлері олимпиадалық және паралимпиадалық спортпен бірге негізгі бағыттардың қатарына енгізілген. Бұл өзгерістер ұлттық спорт өкілдеріне мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз етіп, оларды жоғары жетістіктер спортына енгізуге мүмкіндік береді.
Дамып келе жатқан ұлттық спорт түрлері
Қазіргі таңда елімізде асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу және тоғызқұмалақ сынды 11 ұлттық спорт түрі дамып келеді. Осы спорт түрлерінің төртеуі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Жыл сайын елімізде "Ақбидай" ауыл спорт ойындары, "Қазақстан барысы" турнирі, "Ұлы дала жорығы" марафон-бәйгесі және этноспорт бойынша түрлі фестивальдер өткізіледі.
Наурызнама онкүндігі
14-23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігі аясында республика бойынша 747 спорттық-бұқаралық іс-шара жоспарланған. Мерекелік жарыстарға шамамен 150 мың адам қатысады. Бұл іс-шаралар барлық өңірлерді қамтып, ауылдық округтерден бастап аудан, қала және облыс орталықтарына дейін өткізіледі.



-
Парк 'Самал': новое сердце Астаны на улице Аль-Фараби21-04-2026, 14:25 22
-
Криптоплатежи: Новый этап для экономики Казахстана с мая 2026 года25-04-2026, 18:25 18